Мемлекеттік қызметкерлер ұрлық, алаяқтық, пара алу және пара беру фактілерімен сотталған. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың басым бөлігі тәртіп сақшыларының арасында орын алғанын да айта кету керек. Отыздан астам мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасады. Көбінесе олар жақын туыстарына немесе таныстарына көмектесу үшін өздерінің қызметтік жағдайларын пайдаланған.
"15 адам заңсыз артықшылық көрсеткені үшін сотталды, тоғыз адам жақын туыстарының мүдделерін қанағаттандыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланғаны үшін сотталды. 16 адам атқарып отырған қызметтерінен босатылды", деді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.