Барлығы бірлесе қимылдап, зейнеткердің аман-есен түсіреді. Осы уақытта «жедел жәрдем» де келіп жетеді. Абырой болғанда, оқиға ойдағыдай аяқталып, кейуана аман қалды.
Тәулік ішінде полицейлердің "102" арнасына 200-ден 280-ге дейін осындай түрлі хабарламалар келіп түседі екен. Келіп түскен хабарламаның криминалдық сипаты болмаса да жедел басқару орталығының операторы оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлерін немесе учаскелік полиция инспекторларын, қажет болған жағдайда жедел-тергеу тобын жібереді.
«Шұғыл әрекет жасауды қажет ететін хабарламаларға алғашқы болып патрульдік полиция қызметкерлері келіп жетеді. Жиі шақыртулар – көршілерінің, мас адамдардың азаматтарды мазалауы, ауруханадан келіп түсетін ақпараттар және басқа да құқық бұзушылықтар. Өртке және басқа да төтенше оқиғаларға шығуға тура келеді», - дейді СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Әлібеков.
ПЕТРОПАВЛ