Әлем • 18 Қыркүйек, 2020

"Форрест Гамп" кітабының авторы өмірден өтті

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Форрест Гамп" кітабының авторы Уинстон Грум АҚШ-та 77 жасында өмірден озды. Бұл туралы Алабама штатына қарасты Фэрхоп қаласының мэрі Кэрин Уилсон Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Форрест Гамп" кітабының авторы өмірден өтті

"Көңілім құлази отырып досымыз Уинстон Грумның қазасы жайлы хабарлаймын. Фэрхоп қаласы бүгін аңыз автордан айырылды", делінген мэрдің жазбасында.

1986 жылы жазылған "Форрест Гамп" романының желісімен толық метражды фильм түсіруге бел буған. Фильм автордың ең танымал шығармасына айналды. Роберт Земекистің том Хэнкспен бірге ойнаған фильмі алты рет "Оскарға" ие болды. Кітаптағы әңгіме оның өмірі туралы баяндайтын ақыл-есі кем адамның атынан жасалған.

Сонымен қатар 1995 жылы Грум "Гамп және Компания" кітабын жазып шығарған.