Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020

Беларусьте кісі өлтірген адам Алматыда ұсталды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы 24 жыл бұрын Беларусь елінде кісі өлтірген адамды ұстады, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Беларусьте кісі өлтірген адам Алматыда ұсталды

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы полициясы аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен 67 жастағы ер адамды ұстады. Ол соңғы жылдары Алматы маңында жасырынып жүрген. Беларусь полициясының хабарлауынша, ол 1996 жылдан бастап адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болды. Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Күдікті өз елінде бұзақылық үшін және адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталған. Қазіргі уақытта ол Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көп ұзамай Беларусь Республикасының Минск қаласына экстрадицияланып, жергілікті сот алдында жауап береді", деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.