Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Оралда "Ата жолы" мистикалық діни ағымының мүшелері ұсталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік полицейлері тыйым салынған "Ата жолы" оккультті - мистикалық діни ағымының мүшелерін ұстап, айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда "Ата жолы" мистикалық діни ағымының мүшелері ұсталды

"14 қыркүйекте Орал станциясындағы Желілік полиция бөліміне тіркелмеген "Ата жолы" қауымдастығында тұратын бір топ адам Орал станциясынан "Орал-Алматы" жолаушылар пойызымен жолға шығатыны туралы жасырын хабарлама келіп түсті» деп атап өтті көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, түскен ақпаратты тексеру барысында көлік полицейлері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен, сондай-ақ БҚО бойынша дін істері басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласының 4 тұрғынын ұстаған.

Олар - 41, 45, 47 және 50 жаста. "Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК 489-бабы 9 және 10-тармақтары бойынша, яғни, Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметiн қаржыландырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды және 50 және 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", деп атап өтті О.Бекеев.

"Ата жолы" ұйымына 2009 жылдан бастап Қазақстан аумағында ресми тыйым салынған. Соған қарамастан бұл ұйым қызметін жасырын жалғастыруда. Азаматтарды сақ болып, жалған діни ағымдардың қулығына бой алдырмауды сұраймыз" деп түйіндеді полиция полковнигі.