Ерекше иісі бар өсімдік тектес зат буып-түйілген орамада сақталған. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы бір келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Ұсталған адам оны бір реттік пайдаланатын 200 дозаға бөліп сатпақшы болған. Қазіргі осы факт ҚК 296-бабы: "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Басыбаевтың айтуына қарағанда жыл басынан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері 162 есірткі қылмысын анықтаған, оның 60-ы қылмыс, соның ішінде 33-і өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 328 түрлі есірткі заттары, оның ішінде 369 грамм героин алынды. Қылмыстық жауапкершілікке 69 адам тартылды. "Өрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында қыркүйектің 14-і мен 18-і аралығында өтті.