Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2020

Атырауда жеңіл жүріске салынған 11 бойжеткен ұсталды

964 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жеңіл жүріске салынған 11 бойжеткен ұсталды

"Учаскелік полиция инспекторлары "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде жеңіл жүріске салынған 11 бойжеткенді анықтады. Олар Атырау қаласындағы Авангард ықшамауданында, Сәтпаев, Махамбет көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлердің пәтерлерінде сексуальды сипаттағы қызметті көрсеткен. Қыздардың  алтауы – Түркістан облысынан  келгендер. Ұсталған қыздарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы (Сексуальды сипатта қызметтер көрсету) және 492-бабымен (Қазақстан Республикасында  тіркеусіз, жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру) әкімшілік хаттамалар толтырылып, полиция органдарының  есебіне алынды. Сонымен қатар оларға пәтерлерін жалға берген азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 450-бабы (Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша  әкімшілік хаттамалар толтырылды",  -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері тәнін сатып, табыс табуды кәсіп еткен 70 адам жауапкершілікке тартылыпты.