«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда конкурстық іріктеудің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам жасалды. Стипендиаттарды іріктеу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған. Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды. Біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілін сапалы етіп өзгерттік. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына біз үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аудардық» - деді М. Дәуленов.
Оның айтуынша, бұл дағдыларсыз шетелдік мықты жоғары оқу орындарында оқудың еш мағынасы жоқ. Республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» стипендиясы 106 үміткерге берілген.
«Тағы бір басты жаңалық, барлық стипендианттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді», - дей келе стипендиаттарды құттықтап, жаңа белестерді бағындыруда толағай табыс тіледі.
Стипендиаттардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.