"Атырау облысы Су Арнасы" КМК көліктеріне қоса қосымша техникалар тартылды. Жайық сол жағалауындағы су соруға 11 вакуум-автомашина жұмылдырылды. Олар Азаттық, Әуезов даңғылдарында, Берғалиев, Уәлиханов, С.Датов көшелерінде су сорып алды. Қаланың басқа бөлігінде арнайы автобазаның 8 вакуумы жұмыс істеді. Көшелерден барлығы 1000 текше метрден астам жаңбыр суы сорылды" деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл жұмыс бүгін жеке сектордағы үйлерін су басқан тұрғындардың өтінішімен жалғасады.