Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2020

Алматыда үш саябақ қайта жайнады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Қала күніне орай Мақатаев, Махаббат атындағы және 12 шағын аудандағы саябақтарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталмыш жобалар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үш саябақ қайта жайнады

Атап айтқанда, Әуезов ауданының 12-ші шағын ауданындағы саябақ аумағында  сыртқы жарықтандырудың 50 бірлігі орнатылып, аумақ жабынмен, соның ішінде газонмен қамтамасыз етілді.

Алмалы ауданында орналасқан Мақатаев атындағы саябақ аумағы 4,8 мың шаршы метр болатын учаскені көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Махаббат» сквері де Алмалы ауданының аумағында орналасқан, мұнда да осыған ұқсас жұмыстар аяқталды.

Жалпы, қала тұрғындарының  қолайлы  демалысы үшін қажетті жағдайды жасай отырып, аталған жобаларды жүзеге асыру қаланың инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Саябақ – шығармашылық интеллигенцияны, жас ақындар және жазушыларды тартатын орынға айналуы тиіс. Осы орынның атмосферасы шығармашылыққа шабыттандыратындай жағдайы жасалуы керек деген міндет қойдым», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен бірге аталған жобалар жұмыс орындарының құрылуын қарастырады. Мегаполисте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық 214 жобаны жүзеге асыру үшін 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сол арқылы қызметкерлердің кемінде 50 пайызын халықты Жұмыспен қамту орталықтары арқылы қамтамасыз ету көзделген.