Спорт • 21 Қыркүйек, 2020

Чехия чемпионатында үздік үштікке енді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық шыңға өрмелеу спортынан еліміздің үздік спортшысы Ришат Хайбуллин Чехия біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Чехия чемпионатында үздік үштікке енді

Болдерингтен сынға түскен Хайбуллин алдына әлем мықтыларын ғана жіберіп, қола жүлдеге ие болған. Бірінші орынды Адам Ондра, екінші сатыны Мартин Старник иеленді. Айта кетелік, Ришат Хайбуллин спорт­тық құзға өрмелеуден 2019 жылғы әлем чем­пионатында қола жүлдегер атанып, Токио Олимпиадасының лицензиясын еншілеген.

Бүгінде Ришат карантиннен кейін бас­талған әлем кубогі кезеңдерінде сәтті өнер көрсетіп жүр.