Тағайындау • 21 Қыркүйек, 2020

Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы Экономика және статистика академиясының және "Тұран" университетінің түлегі.

Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар. Қызмет жолын 2005 жылы "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалының бухгалтерлік есеп және есеп бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2006 жылдан 2012 жылдары аралығында "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас маман, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер, бэк-офистің басқарушысы, "Астана - финанс" Банкі АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, "Трансервис-Миллениум" ЖШС қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, әдіснама және автоматтандыру мен бизнес-процестер басқармасының бастығы, "Кредит Алтын Банк" АҚ Бас бухгалтер-Басқарма мүшесі, "Bank RBK" АҚ банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары болды. 2012-2015 жылдары Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды. 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетейік, Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қызметінен кетті.