Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

ШҚО-да 100 гектар дала өртке оранды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында ірі өрт шықты. Өңірдегі құрғақ әрі желді ауа райы шөптің өртенуін жиілетуде. Көп жағдайда бұған себеп – тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да 100 гектар дала өртке оранды

Зайсан, Жарма, Үржар және Күршім аудандарындағы жергілікті билік қызыл жалынның ары қарай таралуына жол бермес үшін өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінген.

"Ең ірі өрт Күршім ауданы Боран ауылдық округінде тіркелді. Күшті желдің салдарынан тілсіз жау тез арада сол маңайға жайылып кеткен. Отты ауыздықтауға 20 өрт сөндіруші, 60 жергілікті тұрғын, 12 орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, 4 жергілікті атқарушы орган өкілі және 6 автоцистерна жұмылдырылған", деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тек бүгін таңға қарай 100 гектар дала мен 364 тонна шөпті шарпыған өрт өшірілді. Жалын жақын маңдағы елді мекендерге жетіп үлгерген жоқ.

Айта кетейік, өткен аптада ғана облыста 17 дала өрті орын алған болатын. Соның салдарынан 365 гектар дала өртенген.