Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық заңнамасы ТІЖ енгізуді көздейтіндігін хабарлайды.
ТІЖ ресімдеу және ресімдеу тәртібін сақтау нормалары Салық кодексінің 176-бабымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығымен анықталады.
ТІЖ - бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Электронды шот-фактуралар» (ЭШФ АЖ) ақпараттық жүйесінде электронды нысанда ресімделетін тауарларға ілеспе құжат.
TІЖ ресімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болатын, ЭЦҚ көмегімен Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қою арқылы ЭСФ АЖ-да тіркелу қажет. ЭШФ АЖ-да тіркелу және жұмыс ақысыз жүзеге асырылатынын айта кету керек.
ТІЖ акцизделетін тауарларды өткізу және сату кезінде, Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесінен тауарларды (тауарлардың аталған тізбесімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімінде танысуға болады) және оларға электронды шот-фактуралар виртуалды қойма модулі арқылы жазып берілетін тауарларды (тауарлардың аталған тізбесімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №384 бұйрығында танысуға болады) сату кезінде ресімдеуге жатады. Сондай-ақ, TІЖ экспорттық-импорттық операциялар кезінде ресімдеуге жатады.
ТІЖ-ны ресімдеу бойынша міндеттемелерді кезең-кезеңімен 2021 жылдың 1 жартыжылдығында енгізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, 2020 жылғы 1 қарашадан бастап ТІЖ ресімдеудің пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.
Пилоттық жоба салық төлеушілердің TІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуі, өздерінің есеп жүйесін және жеткізушілермен және сатып алушылармен өзара іс-қимылды жолға қою үшін арналған.
ТІЖ ресімдеу бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай электронды мекен-жайға:
snt@mgd.kz – әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша;
esfsd@mgd.kz – техникалық сипаттағы мәселелер бойынша жолдауға болады.