Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Солтүстік Қазақстанда тіркелген құс тұмауы адамдарға қауіпті емес

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құс тұмауы өршіп тұрған аудандарда адамдардың жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда тіркелген құс тұмауы адамдарға қауіпті емес

Брифинг Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі эпизоотиялық жағдайды талқылауға арналды.

"Бірден айта кетейін: вирус адамнан адамға тарамайды. Ауру жұқтырған құстардан адамдардың құс тұмауын жұқтыру жағдайы өте сирек кездеседі. Құс етінен немесе жұмыртқасынан адамға вирус жұққан жағдай мүлде тіркелмеген. Осылайша бүгінгі күні құс тұмауын жұқтырған азаматтардың елде тіркелмегенін айтуға болады", деді ол.

Құс фабрикаларының барлық қызметкерлері қазіргі таңда медициналық бақылауда.

Сонымен қатар, Т.Сұлтанғазиев бұл жағдай коронавирустық пандемиямен байланысты емес екенін атап өтті.