Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020

Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

"Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында мерзімі өтіп кеткен құжаттар ғана қабылданады. Сонымен бірге, елімізге визасыз келіп, қайта еліне оралып үлгермеген шетелдіктер үшін 1 қарашаға дейін тұруға рұқсат беріледі. Ең маңыздысы – 1 қарашаға дейін елде қалу мерзімін бұзып, кете алмай қалғаны үшін шетелдіктерді және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды", деді Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ, Нұрділда Ораз қаржы пирамидаларына қатысты қылмыс туралы айтып берді.

"Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті 2016-2017 жылдар аралығында "Questra Holding", "Questra World", "Atlantic Global Asset Management", "Five Winds Asset Managent" деген атаулармен қаржы пирамида құрған бірқатар еліміздің және басқа да мемлекеттердің азаматтарына қатысты тергеуді бастады. Олардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық жапа шеккен. Қарапайым азаматтар бас-аяғы 1 млрд-тан астам қаржыға алданғанын айтып отыр", деді ол.