Елорда • 21 Қыркүйек, 2020

Алтай Көлгінов: Елордада әлеуметтік мекемелер жылу маусымына толық дайын

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік мекемелердің ғимараттары жылу маусымына толық дайын. Бұл туралы елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алтай Көлгінов: Елордада әлеуметтік мекемелер жылу маусымына толық дайын

"Алдағы жылу маусымына дайындалып жатырмыз. Ең алдымен мектеп, балабақша, медицина мекемелері cияқты әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Әлеуметтік мекемелердің ғимараттары жылу маусымына толық дайын. Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлерге де жылу беріле бастайды. Жаңа нысандарға қосатын жылу көздерін анықтадық, қазір қуатты тексеріліп жатыр", дейді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ қала әкімі жеке сектор тұрғындары үшін қаланың әр жерінде орналасқан 11 көмір сататын орын белгіленгенін атап өтті.

Алып-сатарлық пен түсінбестік болдырмас үшін көмір қоймаларына көмір жеткілікті мөлшерде әкелінді. Көмірдің бағасы мен түрі туралы толық ақпаратты 109 желісіне хабарласып біліп отыруға болады.

"Елді мекендерді газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Мәселен, Железнодорожный елдімекенінде газбен жабдықтайтын тарату желілері толық жүргізілген. Промышленныйда, 2-ші Көкталда 95%, 1-ші Көкталда жұмыстар 80%-ке бітіп тұр. Мұндай жұмыстар Агрогородок, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүріп жатыр. Осы тұрғын алаптардағы үйлер, оның ішінде Агрогородоктың жартысы биылғы жылу маусымында газды қолдана алады. Тұрғындар үйлерін газға қосуға техникалық шарттар алу үшін фронт-кеңселерге баруы керек", дейді елорда әкімі.

Бұдан өзге, биыл 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО бір бөлігін газға көшіріледі. Ауа температурасы 5 күн шамасында +10 градус (және одан төмен) болып тұрса, онда жылу беру басталады.