Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Солтүстік Қазақстанда қырылған құстар үшін өтемақы төленеді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда қырылған құстар үшін өтемақы төленеді

Оның жазуына қарағанда бүгінгі таңда облыстың 7 ауданына қарайтын 11 елдімекенінде құс тұмауының шығуына байланысты карантин жарияланған. Бұл тізімге тағы да алты ауыл қосылады деп күтілуде. Қазір жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Аумақтарға дезинфекция жасалуда. Республикалық арнайы жасақ өлген құстарды жоюмен айналысып жытар. Үй құстарына екпе егілуде. Облысқа 873 мың доза отандық вакцина бөлінді. «Індетке ұшыраған үй құстарының иелеріне ақшалай өтемақы төленеді. Бұл жұмыспен арнайы құрылған комиссия айналысуда. Сондай-ақ, құс шаруашылығындағы жұмыс орындарын сақтап қалып, жұмыртқа мен құс етінің бағасының өсуіне жол бермеу қажет. Құс фабрикаларында жұмыртқаның қажетті қоры бар», - деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Сонымен бірге әкім құс өсірушілерге құстарды табиғи су қоймаларына, көлдер мен өзендерге шығармау, оларды  жабық жерде ұстап, жабайы құстармен байланыста болдырмау керектігін құлаққағыс етті.

Солтүстік Қазақстан облысы