Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020

Айзат Молдақасымова Ғылыми орталық директоры қызметіне қабылданбады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айзат Молдақасымова Ғылыми орталық директоры қызметіне қабылданбады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, А. Молдақасымова сынақ мерзімінде өзін көрсете алмауына байланысты 14 қыркүйекте қызметінен босатылды.

"2020 жылдың 3 маусымында Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры болып қабылданды. Алайда, 1 шілдеден қыркүйектің ортасына дейін Молдақасымова уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болды. 14 қыркүйек күні онымен еңбек шарты бұзылды. Ол өзін сынақ мерзімінде көрсете алмады", деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

Айзат Молдақасымова 2017 жылдан бастап Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері болып қызмет етті. Еске салайық, биылғы сәуір айында Алматыда Орталық клиникалық қалалық аурухана дәрігерлері арасында жаппай коронавирус инфекциясы тіркелген болатын.

Алайда, А.Молдақасымова медицина мамандарының өзін санитарлық нормаларды сақтамады деп айыптады. 18 сәуірде Бас санитарлық дәрігер қызметінен босатылды.