Ведомствоның мәліметінше, сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты Көкшетау қаласы әкімінің 21 қыркүйектегі қаулысына сәйкес "Көкшетау су арнасы" коммуналдық кәсіпорнына қалаға жылу жіберу туралы тапсырма берілген.
"Осы қаулыға сәйкес қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, оқу орындарына, емдеу-алдын алу мекемелеріне, балар үйлері-интернатына, мүгедектер үйінен жылу берілсе, қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін тұрғын үйлер мен мемлекеттік әкімшілік ғимараттарға және өзге де жылу энергиясын тұтынушыларға жылу жіберіледі", дейді ведомстводан.