Теннис • 22 Қыркүйек, 2020

Страсбургтегі турнирде бақ сынайды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Францияның Страсбург қаласында теннистен әйелдер арасын­дағы халықаралық турнир басталды. Жүлде қоры 225 500 еуроны құрайтын бәсекеге қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр.

Страсбургтегі турнирде бақ сынайды

Турнирдің бірінші айналымында әлемдік рейтингте 66-орында тұрған қазақстандық Зарина Диас рейтингте 90-сатыға жайғасқан америкалық Кристина Макхэйлмен ойнайды. Екі теннисші бүгінге дейін үш мәрте бақ сынап, екеуінде Макхэйл, бір матчта Диас жеңіске жеткен. Егер осы бәсекеде отандасымыз жеңіске жетер болса, жеке кездесу бойынша есеп теңеседі.

Ал еліміздің бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина бельгиялық Гретье Минненмен (106) кездеседі. Екі теннисшінің жолы осымен екінші рет түйісіп отыр. Бұған дейін Рыбакина мен Миннен жыл басында Аустралия ашық чемпионатында кездескен. Екі сетке созылған бәсекеде отандасымыз 6:3, 6:4 есебімен басым түскен еді. Айта ке­телік, жарысқа жалпы есебі 32 спортшы қатысуда.