Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2020

Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері әскери бөлім өмірімен танысты

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Шымкент қаласындағы филиалында тәрбиеленушілер Қарулы Күштердің әскери бөліміне барды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері әскери бөлім өмірімен танысты

Олар мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жұмыс күндері қалай өтіп жатқанын, әскерилердің тұрмысын өз көздерімен көріп, әскери бөлімнің тарихымен, жеке құрамның жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен танысты.

Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде 24 жастан 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған азаматтар ақылы негізде білім алады.

Айта кетейік, әскери даярлық әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. 40 күн ішінде тәрбиеленушілермен тактикалық, атыс, саптық және дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар өткізіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін тәрбиеленушілер ант қабылдап, оларға әскери билет беріледі және "қатардағы жауынгер" әскери атағы беріледі.