Технология • 22 Қыркүйек, 2020

Apple компаниясы көлемі шағын iPhone 12 шығарады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple компаниясы iPhone 12 шағын нұсқасын шығарады. Бұл туралы Twitter-де l0vetodream лақап атымен танымал инсайдер жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Apple компаниясы көлемі шағын iPhone 12 шығарады

Оның мәліметтері бойынша, Mini 5,4 дюймдік экранға ие болады және екі нұсқада шығады - 128 және 256 Гб. Қазіргі уақытта жаңа нұсқаның тұсаукесері әлі нақты қойылмаған. 

Еске сала кетейік, Apple компаниясының тұсаукесері 15 қыркүйекте өтті. Алайда, көптен күткен iPhone 12 ұсынылмады. 

Айта кетейік, 2020 жылы шығатын смартфондардың экран жақтауы жіңішке болмақ.