Руханият • 22 Қыркүйек, 2020

Алматы тұрғыны Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне қазақ тілін тегін үйретеді

66 рет көрсетілді

Алматы тұрғыны Сандуғаш Оразова Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне қазақ тілін тегін үйретеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамыр айында Канададан келген Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің бірі Facebook парақшасында қазақ тілінің оқытушысын іздеп жатқанын жазған. Сандуғаш жауап беруге шешім қабылдап, содан бері ол сабақ беріп, тіпті видео сабақтарды жазады. Оларды Димаштың Фангруппасының YouTube-каналында жариялайды.

"Димаштың арқасында қазақ әндері мен Қазақ тілі бүкіл әлемде танымал болды, мен оны мақтан тұтамын. Мен де шетелдіктер арасында қазақ тілін және еліміздің бай мәдени мұрасын танымал етуге өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан мен хабарландыруға үн қатып, оларға қазақ тілін тегін үйретуді ұсындым. Олардың өтініші бойынша бірінші сабағымыз Димаштың орындауындағы "Дайдидау" әнінің сөздері", дейді Сандуғаш.

1

Бүгінде оның 40 елден 100-ден астам студенті бар. Олардың арасында тіпті Чили, Гватемала, Колумбия, Аргентина, Филиппин және басқа да көптеген елдердің тұрғындары бар.

2

Сандуғаштың өзі де Димаш шығармашылығының жанкүйері, оның көптеген концерттерінде болды. "Осы сәтті пайдалана отырып, Димашқа барша қазақстандықтардың атынан Қазақстанды бүкіл әлемге танымал етудегі баға жетпес еңбегі және өз Отанына деген шексіз махаббаты үшін алғыс айтқым келеді", деп бөлісті ол.

5

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар