Бір күн бұрын Роскосмос 22 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 03:18-ден 10:26-ға дейін "Монитор-Э1" атмосфераның тығыз қабаттарына енуі керек деп хабарлаған еді. Алайда спутник бүгін таңертеңгі уақытта орбитадан шығып кеткен. Соңғы рет құрылғы 130-дан 142 км биіктікте тіркелген. Мемлекеттік корпорация өкілдерінің айтуынша, спутниктің өртенбеген фрагменттерінің жерге құлау ықтималдығы өте аз.
Айта кетейік, "Монитор-Э1" спутнигі ғарышқа алғаш рет 2005 жылдың тамызында Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылды. Орбитаға шыққаннан кейін байланыс бірден орнатылмай, ол тәулік ішінде орнатылған еді. Сол жылдың қазан айында аппарат басқару проблемаларына байланысты бағдарланбаған режимге кірді. Бір айдан кейін бұл мәселе шешіліп, спутникті пайдалану 2011 жылы тоқтатылған болатын.