Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2020

Қазақстан мен АҚШ жоғары байытылған уранды азайту туралы мәлімдемеге қол қойды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АЭХА Бас конференциясының 64-ші сессиясында еліміздің Энергетика министрлігі мен АҚШ Энергетика департаментінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі жоғары байытылған уранды азайту туралы екіжақты мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен АҚШ жоғары байытылған уранды азайту туралы мәлімдемеге қол қойды

Ядролық қатерді азайту жөніндегі жаһандық бастаманың аясында бүгінде Қазақстанда зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Энергетика министрлігі: "Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты жоғары байытылған уранды (ЖБУ) жою арқылы ядролық материалдарды таратпау және зерттеу реакторларын төмен байытылған уран (ТБУ) отынына көшіру болып отыр. Осы жобалар АҚШ ұйымдарымен бірлесіп іске асырылуда, олар күрделі міндетті орындау үшін Қазақстан ұйымдарының ғылыми-техникалық әлеуеті мен құзыреттерінің жоғары деңгейін атап өтті", деп хабарлайды.

Жобаны іске асырудың маңыздылығын ескере отырып АЭХА Бас конференциясының 64-ші сессиясы шеңберінде Энергетика министрлігі мен АҚШ Энергетика департаментінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі жоғары байытылған уранды азайту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Екі тарапта ЖБУ-ды барынша азайту, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі ортақ мақсаттарды қолдау үшін бірлескен әрекеттерді жалғастыру ниетін растайды.