Препарат Чумакова атындағы ғылими федералды орталығының мамандарымен әзірленіп жатыр. Вакцинада жасанды әлсіз вирус қолданылады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымдарының талабы бойынша зерттеу жұмыстарына 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылды. Зертханалық жұмыс Киров, Санкт-Петербург пен Новосібір қаласында өтеді. Екпе қабылдаған ерікті 16 күн бойы стационарда жататын болады.
Ал денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында болмақ. Болжам бойынша клиникалық сынақ қараша айында аяқталуы тиіс.