Абай • 22 Қыркүйек, 2020

Омбыда "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ресейдің Омбы қаласында осы елдегі қандастарға қолдау көрсететін "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz "Отандастар қорының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Омбыда "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды

"Абай" мәдени-іскерлік үйі 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші бағыты мәдени-гуманитарлық және қазақ тілін үйрету жобаларын қамтыса, екінші "Атамекен" іскерлік  бағыты бойынша қандастардың екі жақты тиімді бизнес жобаларына қолдау көрсетіледі. Үшінші "Жас қазақ" бағыты арқылы әлемдегі жас қандастарды елге тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Төртінші "Атажұрт" бағыты арқылы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тың қауымдастығын құрып, өзара ақпараттық ынтымақтастықты арттыру жоспарланып отыр. "Абай" мәдени-іскерлік үйлері жыл соңына дейін  Өзбекстанның Тәшкент, Түркияның Стамбул, Қырғызстанның Бішкек, Германияның Берлин қалаларында да ашылмақ. Бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және "Отандастар қорының"  бірлескен жобасы.

1

Омбыдағы "Абай" мәдени-іскерлік үйінің ғимараты қаланың орталығындағы Шоқан Уалиханов көшесінің бойында және ағартушы ғалым оқыған Омбы кадет корпусының жанында орналасқан.

Орталықтың онлайн түрде өткен ашылу рәсіміне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов және РФ Омбы облысы Үкіметінің өңірлік саясат және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Ю. Назаренко, ҚР РФ Омбыдағы Бас консулы Е. Сүгірбеков. "Отандастар қоры" КЕАҚ вице-президенті М. Сарбасов қатысып, өз құттықтауларын жеткізді.