Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020

Патрульдік көліктен қашып кетпек болған адам видеоға түсіп қалды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде патрульдік көліктен қашып кетпек болған азаматтың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Патрульдік көліктен қашып кетпек болған адам видеоға түсіп қалды

Жергілікті парақшалардың бірінде көліктен түсірілген видео жарияланды. Онда мас күйдегі адам патрульдік көлік бағдаршамға тоқтаған кезде одан ақырын шығып, кетіп бара жатқанын көруге болады.

Белгілі болғандай, полицейлер қашып кетпек болған адамды медициналық айықтырғыш бөліміне алып бара жатқан, ол ұсақ бұзақылық үшін ұсталған.