Теннис • 23 Қыркүйек, 2020

Турнирді жеңіспен бастады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан әйелдер ара­сындағы халықаралық турнирді жер­лестеріміз сәтті бастады.

Турнирді жеңіспен бастады

Жарыстың бірінші айналымында елі­міздің үшінші ракеткасы Зарина Диас аме­рикалық Кристина Макхэйлмен кез­десіп, үш сетке созылған бәсекеде 6:7, 7:5, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Диас бұл жеңісі ар­қылы америкалық тен­нисшімен жеке кездесу бойынша есеп­ті теңестірді. Енді жерлесіміз келесі ке­­зеңде жапониялық Нао Хи­биномен бақ сынайды. Өз кезегінде Нао бірінші кезеңде америкалық Слоан Ст­и­венстен басым түсті.

Осы турнирде өнер көрсетіп жатқан тағы бір жерлесіміз Елена Рыбакина бель­гиялық Гретье Минненмен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақ­станның бірінші ракеткасы келесі матчын франциялық Ализе Корнемен өткізеді. Корне бірінші кезеңде словениялық тен­нисші Полона Херцогті 6:4, 6:3 есебімен жеңіп кетті.

Сондай-ақ «Ролан Гаррос» (Франция) бәсекесінің іріктеу кезеңіне қатысып жат­қан қазақстандық теннисші Дмитрий Попко да жарысты жеңіспен бастады. Ірік­теу кезеңінің алғашқы айналымында ол аргентиналық Андреа Коллариниді 6:2, 6:1 есебімен ұтты.