Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020

Халықаралық Түркі академиясының президенті Түркі кеңесі Үйлестіру коммитетінің отырысына қатысты

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі Хатшылығының ұйымдастыруымен Үйлестіру комитетінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық Түркі академиясының президенті Түркі кеңесі Үйлестіру коммитетінің отырысына қатысты

Онлайн форматта өткен алқалы жиынға Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының (ТүрікПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов, Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева және Өзбекстан тарапынан дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар өз ұйымдарының биыл атқарған істері және алдағы уақыттағы жоспарланған жұмыстары туралы пікір алмасты.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі де Түркі академиясының атқарған жұмыстары туралы мәлімет беріп, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ түркі әлемінің тұғырлы тұлғаларының мерейтойлары мен айтулы оқиғаларын атап өтудің маңыздылығын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың тиімділігі арттыруға уағдаласты.