Ұрланған көлікті іздеуге Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері жұмылдырылды. Үш сағаттың ішінде велосипед табылып, иесіне қайтарылды.
"Маған полицейлер хабарласып, көлігімнің табылғанын айтты. Жылдам тауып берді. Велосипед – қалада жүріп-тұратын көлігім. Мен үшін өте маңызды", дейді Михаил Савенков.
"Ұрлық жасаған Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Велосипед оның жертөлесінен табылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", дейді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов.
ПЕТРОПАВЛ