Шаһардың жаңа басшысын облыс әкімі Даниал Ахметов таныстырды.
Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады.
2015 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.