Рейтінг тізімі "Титандар", "Өнер қайраткерлері", "Көшбасшылар" мен "Кино жұлдыздары", сондай-ақ "Саясаткерлер", "Ғалымдар", "Дәрігерлер" және "Заңгерлермен" толықты.
Биыл көшбасшылар қатарында Германия канцлері Ангела Меркель, АҚШ президенті Дональд Трамп және алдағы сайлаудағы қарсыласы Джо Байден, ҚХР басшысы Си Цзиньпин, Бразилия президенті Джаир Болсонару, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Еурокомиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен, Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси, Париж мэрі Анн Хидалго, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс, АҚШ Бас прокуроры Уильям Барр, Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры АҚШ Энтони Фауки және тағы басқалары бар.
Time журналы Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наншаньды, Google-дың бас директоры Сундар Пичайды, Джефф Безостың бұрынғы зайыбы Маккензи Скотты, Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиеваны, сонымен бірге Формула-1-дің алты дүркін чемпионы Льюис Хэмилтонды "Титандар" тізіміне қосты.