06 Қараша, 2013

Қазақстанның 9 ауыр атлеті допингпен ұсталды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің мақтаулы ауыр атлетика саласы нағыз масқараға ұшырады. Бұған Халықаралық ауыр атлетика федерациясының биылғы жарыстар бойынша допинг қолданғандары дәлелденген зілтеміршілер тізімін жариялағаны себеп болды. Сол тізімде Қазақстанның 9 атлетінің аттары аталды.

зайчиков

аборневаШеңберге кірген спорт­шылардың бәрі 2 жылға барлық жарыстардан шет­тетіледі. Бұған қоса, олар допинг қолдану арқылы жеңіске жетті деп есептелген сайыстарда алған жүлделерін түгел кері қайтарып береді.

Тест жүргізу нәти­же­сі спортшылар қан­да­ры­­­нан дигидрохлорме­тил-тес­тостерон (Dehy­­droch­loromethyl- testosterone) және станозолол (Stanozolol) деген тыйым салынған дәрі-дәрмектер тапқан. Бұлардың арасында Азияның Астанада өткен соңғы чемпионатының ал­тын жүлдегерлері Алек­сандр Зайчиков пен Алек­сандра Аборнева, Біш­кек­те жасөспірімдер арасында өткен құрлық бірін­шілі­гінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Максим Лок­тинов, Ерболат Жола­­манов, Әсем Сәрсекенова, Ға­лым­бек Жұбатқанов, Майра Фай­золлаева, Айдар Қазов бар.

Енді бұлардың бәрі 2014 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды. Осы арқылы 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарына лицензия беретін сайыстан қағылуы мүмкін.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар