2019 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 839 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 123,8 млрд теңгеге немесе 17%-ға ұлғайды.
Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында 2019 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға жатпайтын 5 500 компания мен ұйымға 712 млрд теңге сомасында қолдау көрсетілді.
Холдингтің отандық экспорттаушыларды қолдауының арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 1 трлн теңгеден асты (2018 жылы – 750 млрд теңгеден асқан). Сонымен қатар отырыста «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2020 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері жөніндегі есебі бекітілді.