Руханият • 23 Қыркүйек, 2020

Ұлттық музейде "Стрит-арт" перфомансы өтті

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты Ұлттық музейдің ашық алаңында "Стрит-арт" перфомансы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық музейде "Стрит-арт" перфомансы өтті

Іс-шараның ашылу салтанатында Ұлттық музей директорының орынбасары А.Е. Қасеналин, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университеті «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі М.Қ. Байбосын, суретші-безендіруші Райымбек Сәкенов мен Айдос Шекер құттықтау сөз сөйлеп, бейнелеу өнеріндегі заманауи құралдардың бірі перфоманс және граффити жанрларының маңыздылығын атап өтті.

«Стрит-арт» перформансында бірқатар республикалық және халықаралық байқаудың жеңімпазы Райымбек Сәкенов пен Айдос Шекер өнер көрсетіп, əлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының бейнесін салды. Сонымен қатар аталған іс-шараға өнертанушы мамандар, жоғары оқу орындарының студенттері мен қала тұрғындары қатысты. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қала мәдениетін дамыту мақсатында көркемөнер құралдары арқылы музей жұмысын көрсетіп, көрерменге бейнелеу өнерінің басқа да түрлерін ұсынатын болады.