06 Қараша, 2013

Дайындық мәселесі қаралды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде ынтымақ­тас­тық­тың салалық қағидаты аясын кеңейту және бірқатар нақ­ты қадамдар жасау, соның ішінде VI Азаматтық форумды өткізуге дайындық мәселесі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.