06 Қараша, 2013

Ақпараттар ағыны

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның үздік әдіскерлері есімдері белгілі болды. Алматыдағы «Ғылым ордасы» мекемесінде өткен сайыс қорытындысы 3 кезеңнен тұрып, оған 314 білім беру ұйымдарынан 331 әдіскер қатысты. Олардың арасынан 6 ұстаз үздік атанды.

 

Қазақстанның үздік әдіскерлері есімдері белгілі болды. Алматыдағы «Ғылым ордасы» мекемесінде өткен сайыс қорытындысы 3 кезеңнен тұрып, оған 314 білім беру ұйымдарынан 331 әдіскер қатысты. Олардың арасынан 6 ұстаз үздік атанды.

Астанада зиянды заттардың 97 пайызға жуығы зарарсыздандырылды. Нәтижесінде қала бойынша атмосфералық ауаға тұрақты көздерден 34,4 мың тонна көлемінде зиянды заттар шығарылды.

Алматы қаласында «Қайрат» фут­бол клубын марапаттау рәсімі өтті. Сегіз жылдан кейін қайтадан үздіктер қата­рына қосылып, қола медаль алған коман­даны Ахметжан Есімов арнайы барып құттықтады.

Жамбыл облыстық мәслихат депутаттары облыс бюджетінің 1 млрд. теңгесін қайта бөлді. Сессияға төрағалық еткен депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, түзетулер игерілмей қалу қаупі бар бюджеттік бағдарламаларға қатысты жүргізілген.

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы бойынша 447,9 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба қолға алынды. Олар 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын тауып береді. Жалпы, биыл аймақта құны 41 млрд. теңге тұратын 42 жобаны жүзеге асыру межеленген. Бұл тағы 3948 жаңа жұмыс қолын керек етеді.

Өскемендегі Үлбі өзенінің үстінде жаңа көпір пайда болды. Жалпы құны 2 008,4 млн. теңге тұратын нысанның ашылуына арналған салтанатта облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысының орталығында тағы бір үлкен өткел салынатынын атап өтті.

Қызылордада биыл 75 634 шаршы метрлік тұрғын үй салынды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жыл соңына дейін тағы 130 жас отбасының баспанамен қамтамасыз етілетінін айтты.

Павлодар облысында шабақ­тар­ды құтқару акциясы өтті. Оған Железин ауданы жастар экологиялық жасағының белсенділері мен аудандық мәслихат бастамашы болды. Осының арқасында алқаптардан жиналып алынған су маржандары өзенге жіберілді.

 

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.