06 Қараша, 2013

Сайлауды байқауға қатысады

153 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Тәжікстан Республикасының Президентін сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Тәжікстан Республикасының Президентін сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының халық­ара­лық байқаушылары Душан­беде болған үйлестіру кеңе­сінде 6 қарашада болатын Тәжікстан Республикасы президентін сайлау күнгі жұмыс жоспарын белгіледі.

Кеңесті байқаушылар тобының үйлестірушісі – Қа­зақстан Парламенті Сена­ты Төрағасының орын­басары Қайрат Ищанов ашты. ТМД ПАА-ның халық­ара­лық байқаушылар тобы пре­зиденттік сайлауды ұзақ және қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруына сәйкес құрылған болатын. Халықаралық топ­тың құрамына 35 адам: Парламентаралық Ассам­блеяға қатысушы сегіз мем­лекеттің (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақ­стан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украина) депу­таттары мен заң шығару ор­гандарының өкілдері, сондай-ақ ТМД ПАА Ке­ңе­сі хатшылығының қызмет­керлері мен Демократия, парламентаризмді дамытуға мониторинг жүргізу және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институтының сарапшылары кірген болатын.

ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы Алексей Сергеев әріптестеріне ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары дауыс беретін күні жеке маршруттар бойынша іске кірісетінін еске салды. Душанбе, Нүрек және Хатлон облысындағы Ява ауданындағы, Варзоб, Вахдат, Гиссар, Тұрсынзада және республикалық бағыныстағы Файзабад ауданындағы, сондай-ақ Ходженд қаласының аудандарындағы сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізілетін болады. Одан басқа, Баку, Бішкек, Киев, Мәскеу және Санкт-Петербургте орналасқан шетелдердегі сайлау учаскелерінде де дауыс беру барысына байқау жасалады.

Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, Тәжікстан Республикасы президентін сайлауға әзірлікті және оны өткізу барысын 6 мыңның үстінде жергілікті және 500-ден астам халықаралық байқаушы бақылайтын болады.