06 Қараша, 2013

Еуропа кеңесінің қызығушылығы

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Страсбургте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков бастаған делегация Еуропа Кеңесінің Сыртқы саясат жөніндегі бас директоры Золтан Таубнермен келіссөз жүргізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, делегация құрамында Жоғарғы Сот және Бас прокуратураның өкілдері болды. Аталған іс-шара барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы қылмыстық сот ісін жүргізу жөніндегі ынтымақтастықты нығайту жөнінде тақырыптық пікірталас өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша, Қазақстан Еуропа конвенциясының тиісті бө­лігіне тез арада кіруді көздейтін 2014-2015 жылдарға арналған жоспардың орындалуы барысына қызығушылық танытты.