Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі жақында жарыққа шығып, тұсаукесері өткізілген «Қазақстан-Иордания қарым-қатынасы: достық пен жасампаздықтың 20 жылы» атты кітапқа орай қабылдау өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі жақында жарыққа шығып, тұсаукесері өткізілген «Қазақстан-Иордания қарым-қатынасы: достық пен жасампаздықтың 20 жылы» атты кітапқа орай қабылдау өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Тұсаукесерге Король отбасының мүшелері, үкіметтің, парламенттің өкілдері, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, бизнес топтар мен Корольдіктің жетекші БАҚ-тарының журналистері, сондай-ақ, Қазақстан-Иордания достық қоғамының мүшелері келіп қатысты.
Хашимиттік Корольдік тарапынан тұсаукесердің негізгі қонақтары Король Абдалла ІІ-нің Бас камергері ханзада Раад бен Зейд, Иордания Жоспарлау министрі Ибраһим Саиф және Иордания Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Мохаммед Али Дахер болды.
Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі елшісі Болат Сәрсенбаев Иорданияның саяси қайраткерлерін тұсаукесері өткізіліп отырған кітапқа оң баға бергендері үшін ризашылығын білдіре келіп, екі елдің көптеген мәселелерде өзара түсіністігі мен келісім деңгейі жоғары екенін атап өтті және Қазақстан мен Иордания ынтымақтастығы түрлі салаларда табысты дамып келе жатқанына назар аударды.
Өз кезегінде ханзада Раад бен Зейд бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, мұндай ынтымақтастыққа қысқа мерзім ішінде қол жеткізілгенін көлденең тартты. Әрі қарай да достық және өзара тиімді қарым-қатынасты жандандыру ниетінде екенін мәлімдеді.