Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімдерінің сынамасын сатып алды. Сараптама үшін сатып алынған барлық үлгілер Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының зертханасына жеткізілді.
Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-дан 10,25%-ға дейін, печеньеде 47,75%-дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-дан аспайтынын атап өткен жөн.
Өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алды. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
– Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады. Сондай-ақ сапасыз өнім анықталған жағдайда қазақстандықтар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаменттеріне жүгіне алатынын хабарлаймыз, – дейді мамандар.