06 Қараша, 2013

Гаагадағы кездесу

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерланды Корольдігіндегі Гаага қаласында Қазақ­стан Республикасының осы елдегі елшісі М.Мырзамедиева ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі жаңа Жоғарғы комиссары А.Торс бастаған кеңсе өкілдерімен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Нидерланды Корольдігіндегі Гаага қаласында Қазақ­стан Республикасының осы елдегі елшісі М.Мырзамедиева ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі жаңа Жоғарғы комиссары А.Торс бастаған кеңсе өкілдерімен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қазақ­­стандық дипломат сұхбат­тас­тарын Қазақстан қоғамының қа­зіргі даму кезеңі, ел басшылы­ғы­ның ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқын топтас­тыру бойынша бел­гілеген ұзақ мерзімді басым­дықтары туралы егжей-тег­жей­лі әңгімелеп берді. 2011-2014 жыл­дарға арналған Ұлттық бір­лік доктринасының басты қағи­даттары да жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу кезінде тараптар Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық келісім саласындағы соңғы жетістіктер туралы ақпараттармен алмасты. Кеңсе өкілдерін Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезі, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 сессиясы сияқты шаралар қызықтырды. Кездесу аясында А.Торстың Астанаға ықтимал сапары талқыланды.

ЕҚЫҰ кеңсесінің өкіл­дері этносаралық және конфес­сия­аралық келісімнің қазақ­стан­дық үлгісін жоғары бағалап, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының ел халқын топтас­тырудағы тамаша рөлін атап көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұлтаралық және конфессияаралық келісімді ЕҚЫҰ кеңістігінде нығайта беру үшін өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыру қажет деген ортақ ұстанымға келді.