Республикалық бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін жоспарлау мемлекеттік кірістер органдарының бірінші кезектегі міндеті және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру көзі болып табылады. Демек, импортталатын тауарлардың кедендік құнына бақылауды күшейту бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ҚХР өзара саудасындағы алшақтықтарды қысқартуға бағытталған.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Мемлекеттік кірістер комитеті 1698 тауар позициялары бойынша тәуекелдің құндық бейіндерін өзектендірді, оларды өзектендіру кезінде ақпарат алмасу шеңберінде ҚХР кеден органдарынан алынатын ақпарат пайдаланылды. Бұл ойыншықтар, киім, тұрмыстық тауарлар, авто бөлшектер, пластиктен жасалған бұйымдар, маталар, кеңсе тауарлары және т.б. сияқты тауарларға қатысты болды, ал өсім 2-ден 5 есеге дейін болды.
Мысалы, матадағы тәуекелдің құндық индикаторлары 2 есеге, ойыншықтар – 4 есеге, киім-кешек – 2 есеге, кеңсе тауарлары – 2,5 есеге, бейне ойындарға арналған жабдықтар 5 есеге ұлғайды.
Тауарларды кедендік бағалаудың қолданыстағы практикасы жосықсыз импорттаушыларға жалған құжаттарды ұсыну арқылы төмендетілген кедендік құнды декларациялауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдары импорттаушылар мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын дұрыс бақылауы қажет.
Мемлекеттік кірістер органдары тауарлардың кедендік құнын бақылау үшін пайдаланатын құралдардың бірі тәуекелдерді басқару жүйесі. Кедендік құн бойынша тәуекел бейіндері (тәуекелдің құндық индикаторлары) тауардың кедендік құнын төмендету мүмкіндігін көрсететін өзіндік бір көрсеткіш. Тәуекел бейіндерін өзектендіру кезінде ЕАЭО аумағына импорт кезінде тауарлардың кедендік құны деңгейлерінің ағымдағы өзгерістері, нарық конъюнктурасы, биржалық баға белгіленімдері, шикізат құны және т.б. ескеріледі.
ҚХР кеден органдарының ҚХР-дан Қазақстан Республикасына экспортталатын тауарлардың құны туралы ақпаратты жедел ұсынуы салық салынатын базаны азайту мақсатында оны Қазақстанда декларациялау кезінде тауарлардың кедендік құнын төмендеткен СЭҚ жосықсыз қатысушыларды анықтауға мүмкіндік берді. Дегенмен, 2020 жылдың 8 айында импорт кезінде тауарларға арналған декларациялардың 74%-ы әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс қолданыла отырып (1-әдіс), яғни тауарлардың мәлімделген кедендік құны бойынша шығарылды.
Сыбайлас жемқорлық факторын болдырмау мақсатында АСТАНА-1 ақпараттық жүйесінде автоматты түрде мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін функционал іске асырылғанын атап өтеміз: Бірінші, кедендік құнды түзету қажет болған жағдайда АСТАНА-1 АЖ-бағалық ақпаратты іздеу; екінші, қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу.
Бағалық ақпаратты іздеу ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады: іздеу ЕАЭО мүше мемлекеттерде шығарылған тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелерінің деректер базасын пайдалана отырып, тауардың коды, шығарылған елі, уақытша ауқымы мен коммерциялық деңгейі ескеріле отырып, 1-әдісті қолдана отырып жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, СЭҚ қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті ай сайын және тәуекелдің құндық индикаторларын өзектендіруге қарай http://kgd.gov.kz/ru/content/cenovaya-informaciya-1ресми сайтына орналастырады және бұл деректерді кедендік бағалау кезінде СЭҚ қатысушылары пайдалана алады.
Бүгінде аталған комитет және «Атамекен» ҰКП өкілдерінен осы жылғы 14-18 қыркүйек аралығында тауарлардың кедендік құнын әкімшілендірудің проблемалық мәселелерін шешу үшін, атап айтқанда: кедендік құн бойынша тәуекел бейіндерін қалыптастыру және өзектендіру тетігі бойынша, әкелінетін тауарлар бойынша баға ақпаратын қалыптастыру тәртібі бойынша, СЭҚ қатысушылары мен аумақтық мемлекеттік кірістер органдары үшін түсіндірмелер дайындау бойынша, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнын декларациялауға байланысты өзге де мәселелерді қарау үшін жұмыс тобы құрылған.
МКК мен ҰКП бірлескен жұмысының қорытындылары туралы қосымша хабарланатын болады.