Әлем • 24 Қыркүйек, 2020

COVID-19 кесірінен 60 мыңнан астам жапондық жұмыссыз қалды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Еңбек министрлігіне сілтеме жасаған NHK телеканалы осылай деп хабарлайды.

COVID-19 кесірінен 60 мыңнан астам жапондық жұмыссыз қалды

Биылғы қаңтардың соңы мен 23 қыркүйек аралығында 60 439 адамның жұмыссыздар қатарын толықтырғанын мәлімдеген министрлік нақты сандардың одан да жоғары болу мүмкіндігін жоққа шығармапты. Өйткені дәлірек мәліметтердің орталықта емес, өңірлік еңбек және жұмыспен қамту бюроларында тіркелетінін алға тартқан.

Статистикаға енгізілген жұмыссыздар қатарында пандемия кесірінен өндірісін тоқтатқан компаниялардың жұмысшылармен арада еңбек шарттарын доғаруын ескерген министрлік кәсіпорындарға мемлекеттен субсидия алу үшін өтініш беруге болатынын айтты. Сонымен қатар Еңбек министрлігі жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға көмекке әзір екендігін де мәлім еткен.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше