06 Қараша, 2013

Шенеуніктер ауылды зерттемек

256 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

b2d80e80ad111be4dbdf5a9546eeba2b bigБүгін ауыл не күйде? Халқымыздың дәстүр-салтының, мінезінің, жалпы тумысының түбірі болған ауылды айтсақ көңіліміз ортаяды, оны қазір «алтын бесік» деп айта аламыз ба? Жас мамандар ауылды жерлерге барғысы келмейді, мектептерде бала саны азайып кетті, ауылдан көш тоқтаған жоқ. Осы сияқты көзге бадырайып көрініп отырған мәселе жеткілікті. Облыс орталығындағы шенеуніктер ауылға қатысты мәселенің мәнісін аудандағылар қалай жазып берсе, солай қабылдап отырады. Мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінген, ауылға арналған бағдарламалар қаншама? Бірақ соның барлығын облысты басқару аппаратына кіретін басқарма басшылары кабинеттен шықпай отырып жазады, ақпар береді. Ал шын мәнісінде бүгінгі ауыл қалай тыныстап отыр?

Бүгін ауыл не күйде? Халқымыздың дәстүр-салтының, мінезінің, жалпы тумысының түбірі болған ауылды айтсақ көңіліміз ортаяды, оны қазір «алтын бесік» деп айта аламыз ба? Жас мамандар ауылды жерлерге барғысы келмейді, мектептерде бала саны азайып кетті, ауылдан көш тоқтаған жоқ. Осы сияқты көзге бадырайып көрініп отырған мәселе жеткілікті. Облыс орталығындағы шенеуніктер ауылға қатысты мәселенің мәнісін аудандағылар қалай жазып берсе, солай қабылдап отырады. Мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінген, ауылға арналған бағдарламалар қаншама? Бірақ соның барлығын облысты басқару аппаратына кіретін басқарма басшылары кабинеттен шықпай отырып жазады, ақпар береді. Ал шын мәнісінде бүгінгі ауыл қалай тыныстап отыр?

Міне, осыны білмек үшін об­лыста ауылдық жерлердегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын және оның әлеуметтік-экономикалық жағ­­дайын талдау мен монито­ринг өткізу қолға алынды. Ол үшін экономикалық және әлеу­меттік даму жағдайы орташа, кемінде 1000 адам тұратын он ауыл­дық округтің тізімі жасалды. Олар облыстың әр ауданында, әр шалғайында орналасқан. Таңдалған әр ауылдық округте бір және бірнеше елді мекендер бар. Жақында облыс әкімі Нұр­алы Сәдуақасовтың баста­ма­сы және тікелей тапсыруымен облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов бастаған құрамында басқармалар басшылары бар жұмыс тобы Әулиекөл ауданындағы Новонежин ауылдық округінде болып қайтты. Олар таңертеңнен кешке дейін ауылдық округке қарайтын Новонежин, Калинин және Лаврентьев ауыл­дарында болып, тұрғындармен әңгіме­лесті, оларды қабылдап, проблемаларын, ұсыныстарын тыңдады. Ауылдардағы мектептерде, фельдшерлік пункттерде болды, олардың әлеуметтік жағ­дайымен танысты. Сонымен қатар, шенеуніктермен бірге ауылға жылжымалы медициналық кешен бірге келген болатын. Құрамында терапевт, кардиолог, онколог, стоматолог, педиатр, гинеколог сияқты түрлі маман бар медициналық кешенге ауылдастар кезекке тұрып, тайлы-таяғы қалмай диагностикалық тексеруден өтті.

Осы сапардан келген соң, ерте­ңіне облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов журналистер үшін баспасөз мәслихатын өткізді.

– Бұл құзырлы органдардың тексеруі емес, біз халықтың арасына барып, ауылдың немен тыныстап отырғанын өз көзімізбен көргіміз, проблемаларды кабинетте отырып емес, жергілікті жер­дің өзінде зерттегіміз келді. Ал өзекті мәселе бола қалғанда оның себебін нақты табуымыз ке­рек. Бүгін ауылға арналған мем­лекеттік бағдарламалардың соңы неге сиырқұйымшақтанып кетеді? Ауыл адамдары «Сыбаға», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларына қаншалықты қатысуда? Мысалы, кейде қа­ғаз­­бастылықтан мемлекеттік қар­­­­жылар тиісті жеріне дұрыс бөлінбейді. Аз ғана бала оқып жатқан мектептерді жөндеуге миллиондап қаржы бөлінеді. Ал сол қаржыны басқа мектепке немесе тіпті басқа керекке бағыттасақ қалай болар еді? Біз ауылдағы бірінші кезекте шешімін табуға тиісті мәселелерді өзіміз көргіміз келді. Біздің жұмыс тобының мақ­саты ауыл жағдайын зерттеп, талдау жасаудың тиімді үлгісін жасау болып отыр, оны болашақта аудан әкімдері пайдаланатын болады.

Жұмыс тобы он ауданнан таңдап алған он ауылдық округте ауыл адамдарын қа­был­­дау­дың сыртында, сол жер­дегі кәсіп­керлермен де кезде­сулер өткізеді. Ішкі саясат басқар­масының қызметкерлері ауыл адамдарына әлеуметтік сауал­нама жүр­гізеді. Ауылдағы ағайын іздеп барса кіре алмайтын шенеуніктер енді олармен емен-жарқын сөйлесіп, оның жағдайын, сұранысын, ұсынысын тыңдайды. Арнайы жұмыс тобы осындай зерттеулерді түйіндеп, сол округте ауыл тұрғындарының жиынын өткізеді, ауылдың әлеу­меттік-экономикалық жағдайы ту­ралы жан-жақты талдау жасап, оларға өздерінің жасаған қоры­тындыларын, ұсыныстарын айтатын болады.

Жұмыс тобының жетекшісі Серік Бектұр­ғанов баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына орай, алғашқы сапар жасаған Новонежин ауылдық округіндегі ең басты проблема ауылдан көшудің тоқтамай отыр­ғандығы екенін айтты. Ауыл адам­дары мал ұстап отыр, шөп бар, отын бар, мектеп, фельдшерлік пункт жұмыс істеп тұр. Ауыл табиғат аясында орналасқан. Бірақ адамдар бұрынғыдай ауылда тұрғысы келмейді, қалаға көшкісі келеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығында адамдардың жұмыс істегісі келмейтіндігі де шенеуніктердің жұмыс тобы­ның назарына айрықша ілін­ген. Бұл көрініс өкінішке қа­рай, тек Новонежинде ғана ма? Шенеуніктер енді Жітіқара, Қара­балық, Қарасу, Қостанай, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Ұзын­көл аудандары мен Арқалық қала­сындағы елді мекендерді аралайтын болады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.