Білім • 24 Қыркүйек, 2020

"Үздік педагог" республикалық конкурсы басталды

1206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Үздік педагог" атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады. Бұл туралы  Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Үздік педагог" республикалық конкурсы басталды

"Биыл "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.

Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады.

9 жыл ішінде "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн", деп жазды вице-министр.