Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Атырауда оқушыларға 22 мыңнан астам компьютерлік техника беріледі

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, онлайн білім алып жатқан оқушыларға 22 463 компьютерлік техника беру көзделіп отыр. Ол Атырау қалалық білім бөліміне, Исатай, Индер, Қызылқоға,​ Құрманғазы аудандарының басшыларына компьютерлік техникаларды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда оқушыларға 22 мыңнан астам компьютерлік техника беріледі

"Пандемия жағдайына байланысты 176 мектепте​ 111 296 оқушы қашықтан оқытылуда. Оқушыларға қажетті техникалық құралдар сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттің 555 млн теңгесіне 3479 ноутбук, республикалық трансферт есебінен 2,9 млрд теңгеге​ 18 984 компьтерлік техника сатып алынуда. Оқушылар компьютерлік техниканы тиімді пайдаланып, ал ата-аналары күтіп ұстауын қадағалауы қажет", деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50