23 қыркүйекте Словенияда 2616 адамнан алынған тесттен жаңадан 136 ауру жұқтыру тіркелді. Ал бұдан бұрын 2335 тесттен 88 ғана вирус анықталған-ды. COVID-19-дың бұлайша жылдам таралуы екінші толқынның әсері деген Үкіметтің баспасөз хатшысы Бояна Беович жаздағыдай емес, адамдардың жабық ғимараттардың ішінде болуы ауру таралуын жылдамдатып тұрғанына тоқталды.
Сонымен жаңадан инфекцияның тіркелуі Люблянада - 21, Мариборда - 9, Словень Градцеда - 8 және Словенияның өзге де қалаларында барлығы, қазір 1383 адамның ауырып жатқаны белгілі болды.